12.06.2022
  121


Автор: Жангелді Немеребай

Өміріңді демеймін күйеледім...

Өміріңді демеймін күйеледім,
Күйелесем әрине күйер едің.
Арамыздан сезімдер табылмады,
Табылғанда мен «өліп» сүйер едім.
Шын жүректен онда мен сүйер едім,
Сен болмадың өйткені сүйенерім.
Кінәлісің сол үшін дей алмаймын,
Өзімді де келмейді күйелегім.
Шеше алмадым жұмбағын жүрегімнің,
(Кәдімгідей өзіңмен жүре білдім)
Сөйтіп жүріп мен сенен ғайып болдым,
Махаббатын таба аламайгүл өмірдің.





Пікір жазу