12.06.2022
  128


Автор: Жангелді Немеребай

ӘСЕМ ҚОҢЫР

Еңсемді көтерейін десем де бір,
Көп уықыт болып жүрдім бәсең көңіл.
Жігерлі сезім берген сондағы күй,
Дина шешей шығарған «Әсемқоңыр».
Әдемі әуезімен еліктірді,
Елесі көз алдыма келіп тұрды.
Әуеннен жаратылып әсем-ару
Сөйтті де ғашық етті бөрікті ұлды.
Тыңдасам шабыт берген болдың маған,
Жыр-құс боп тұғырыма қондың ба аман.
Көзіме еміс-еміс көрінетін,
Музамедің алыстан қол бұлғаған.





Пікір жазу