12.06.2022
  114


Автор: Жангелді Немеребай

КӨКТЕМНІҢ СОҢҒЫ ҚАРЫ

Арқауын шаттық әннің,
Тапқандай нақ қуандым.
Жарқ етіп шыға келдің,
Ішінен ақ тұманның.
Тұрса да қар қылаулап,
Шабытым жанды лаулап.
Себебі жолықтың сен,
Жүргенде ән-жыр аулап.
Құлшынған құлын мүсін,
Көргенде жылынды ішім.
Өмірге әкелдің ғой
Жүректің туындысын.
Таласып таң жүзімен
Сан өрнек салғызып ең.
Сен әлгі ертегіден
Кеп жеткен қар қызы ма ең?
Жылынып тоңдым әрі,
(Тамаша болды бәрі)
Сен үшін жауғандай-ақ
Көктемнің соңғы қары...





Пікір жазу