meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.06.2022
  148


Автор: Жангелді Немеребай

Ей өмір, өлім екі араң...

Ей өмір, өлім екі араң,
Сенің де бар-ay шекараң.
Таусылған күні дәм-тұзым
Келмеске мен де бет алам.
Келмеске бір күн бет алам,
Өлмеске болар не шараң.
Өлшеніп берген уақытқа
Қанағат, шүкір ете алам.
Жүргенмен тәуба бек аман,
Әр неге көңіл тек алаң.
Өксікке толған өмір-ай,
Өкпелеп саған не табам...





Пікір жазу