12.06.2022
142
Тауқыметтің бір шама татқан дәмін...
Тауқыметтің бір шама татқан дәмін,
Мойымастан өмірде тапқан бағын.
Анам ылғи айтушы ед өсиет қып,
«Орынсыз бекер бөсіп мақтанбағын».
- Жақсы адам адал ісін өндіреді,
Ашуын ақылына жеңдіреді.
Әркімнің өз қолында кім болуы,
Жақсы-жаман екенін ел біледі.
Ақылын айтатұғын жалықпастан,
(Ана-жыр, ана-толғау алып дастан)
Ақынжанды болатын менің анам,
Сол қасиет маған да қалыптасқан.