12.06.2022
  105


Автор: Жангелді Немеребай

Өлең десе қозатын делебесі...

Өлең десе қозатын делебесі,
Немеребай қарттың мен немересі.
Бойыма өнер анамнан қонған болар,
Оған куә боз үйдің керегесі.
Болмасам да перзенті жыр елінің,
Жырға құмар ауылдың түлегімін.
Өнердегі ағалар бата беріп,
Жан-сері деп ат қойды міне бүгін.
Киелі үйдің шаңырақ, уықтары,
Жанымызға жамандық жуытпады.
Анамыздың аялы алақаны,
Отбасының жылуын суытпады.
Бір тамырдан нәр алып көктей бүгін,
Тәрбие алдық Әкеден төкпей нұрын.
Он бір бала бір үйден қанаттандық,
Береке мен бірліктің сөкпей жігін.





Пікір жазу