12.06.2022
117
КӨЛБАЙ АУЫЛЫ
Бір жақсысы ауылдың ортақ әні,
Елінің де еңбекке зор талабы.
Бір жаманы жастарға жұмыс та жоқ,
Кетіп жатыр бетке алып әр қаланы.
Бір жақсысы ауылда өнерпаз көп,
Жиын -тойда қозатын арқалары.
Бір жаманы мәдениет үйі де жоқ,
Солардың басын қосар ортадағы.
Бір жақсысы ауылда көлік те көп,
Жұрт қайда барам десе жорта алады.
Бір жаманы көшелер ойлы-шұқыр,
Дөңгелекті құртады жол торабы.
P.S
Қарапайым ел-жұрты баяғыдай,
Қонақ келсе құшағын жаяды ұдай.
Көлбайдың күннен-күнге көркін алмай,
Болашағын жарқын ет, ая Құдай!