12.06.2022
  110


Автор: Жангелді Немеребай

Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен...

Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен,
Дауылда да сан қызбен кеңесіп ем.
Бозбала шақ, әліде қол бұлғайды,
Өткен күннің оралмас елесінен.
Аласы көп болса да бересінен,
Қайран күндер кетер ме ер есінен.
Толқын уақыт барады толқындатып,
Жастығымды ұзатып кемесімен.
Артта қалды алшақтап кейінгі өмір,
Сайран өтті, бүгінге дейін небір.
Ауыздықпен алысып, асау жастық,
Бас бермей жүр әлі де ойын көңіл.





Пікір жазу