12.06.2022
  127


Автор: Жангелді Немеребай

КАБАКТА

Сәттерімде салірек қанат талған,
Сәттерінде сағыныш тағатты алған.
Телефоным тұрады сөндірулі,
Мені іздеңдер сол кезде кабактардан.
Кабактардан көңілді KYЙ табасың,
Өнер сүйген достардан сый табасың.
Өлең оқып,шансоннан ән шырқаймыз,
Көрші орыстың сұрап ап гитарасын.
Жүрегімді құтқарып кұлыпталған,
Босатамын көнілді кұрықталған.
Бір бейнеге ұқсайтын жанды іздеймін,
Түніменен шулайтын клубтардан.
Түзу жолдан кей-кейде алшактаймын,
(Адамдыққа алайда қарсы ақпаймын)
Топырлаған тобырдың арасынан,
Бір бейнеме ұқсайтын жан таппаймын.
Қарсы алғанмен шаттықтар бөлеп алдан,
Өтіп жатыр алдаумен көне жалған.
Бір мақсатты алсақ та бағындырып,
Табындырып келеді бөлек арман...





Пікір жазу