meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.06.2022
  162


Автор: Жангелді Немеребай

Күнді аңсаған гүл сынды...

Күнді аңсаған гүл сынды,
Солғын тарттым бір түрлі.
Бір сағыныш мұңайтты,
Менің жарқын күлкімді.
Тасты жарған гүл сынды,
Көңіл көкке ұмтылды.
Өзімді,өзім түсінбей,
Ғұмыр кештім тылсымды.
Құшақтағы гүл сынды,
(Шыны көңіл мың сынды.)
Көлеңкелеу өмірде,
Сүйдім бе әлде сылқымды?...





Пікір жазу