12.06.2022
134
Тағдырымды алмадым сатып,құрап...
Тағдырымды алмадым сатып,құрап,
Ешкімге де бармадым жақұт сұрап.
Бақытсыз да болмадым,бақытты да,
Тек өзімді сезіндім бақыттырақ.
Өміріңді өрнектеп сәндесе де,
Арман-ойлар адамда бар нешеме.
Кең дүниеге кездер бар сыймай кетер,
Сыйып жүріп тар бөлме,тар көшеге.
Шын сүйесің бір жанды сағынасың,
Қуанасың,сол үшін жабығасың.
Өзге әлемге соны аңсап сапар шегіп,
Бір жоғалып, қайтадан табыласың.
Бағаламай гүл атқан көктеміңді,
Мекен еткің келеді көкте күнді.
Шың басына шығам деп байқамайсың,
Шын өмірден алыстап кеткеніңді..