12.06.2022
  116


Автор: Мәди Қайыңбаев

ЖҮЗІК

Жүрегімде махаббат мұңы менің,
Сен жоқ жерде жабығам, түңілемін.
Менің туған күнімде сен сыйлаған
Жүзігіме күн сайын үңілемін.
Алыстайды-ау жастықтың көші менен,
Өмірде бəрі, жаным, тосын екен.
Мені тұсар жұбайлық шынжырыңның
Шығыршығы алғашқы осы ма екен?!





Пікір жазу