meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.06.2022
  191


Автор: Мәди Қайыңбаев

АҚҚАЛА

Аппақ Ай көкке өрлеген лаулап өңі.
Қыс күні...
Шақырған ең бауға мені.
Баурап еді бір сезім екеумізді,
Ақ қар да алай-түлей жауған еді.
Қайран күндер қызықпен жатқан ағып,
Жастықтың қызуымен жоқтамадық!
Жолығысқан сол түні мен өзіңнің
Мүсініңді соққанмын аққала ғып.
Қуандым...
Қуансам да үндемедім.
– Ұқсайды! – дедің, – мен ғой бұл дегенің!
...Аққаланы айналып жас балаша,
Саф ауада сыңғырлап күлген едің,
Қуандым... қуансам да үндемедім.
...Қуандым... қуансам да үндемедім,
Сынаптай сырғиды екен күн дегенің!
Ол кезде... кінəратшыл ақша қардың,
Лезде еріп кетерін білмеп едім.





Пікір жазу