12.06.2022
218

БЕЙБІТШІЛІК ТІЛЕЙМІН
Ей, адамдар!
Еңбек деген əн-күймен,
Қара жерді əлдилеген,
Бейбітшілік сендерге!
Ей адамдар!
Уақытпен таласумен,
Шетсіз-шексіз дəн өсірген, –
Бейбітшілік сендерге!
Ей, адамдар!
Жүрегі – шат, айбары – алып,
Кен де қазған қайланы алып, –
Бейбітшілік сендерге!
Ей, адамдар!
Нағыз қайрат сенде ғана,
Мал өсірген кең далада, –
Бейбітшілік сендерге!
Ей, адамдар!
Сендер барда мұңым бар ма,
Тартқан өнер, ғылымды алға, –
Бейбітшілік сендерге!
Ей, адамдар!
Азаптарға көнуге бар,
Отан үшін өлуге бар, –
Бейбітшілік сендерге!