12.06.2022
78
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo-60289.jpg)
СҮРЕГЕ ЕЛІКТЕУ
Қою мұңын əнімнің,
Ұлғайтамын, Мұхаммед.
Жаншылғанын жанымның,
Кімге айтамын, Мұхаммед.
Жапа-жалғыз қамықтым,
Ащы жасым сорғалап.
Фəни мəнін жаңа ұқтым,
Қара түннен жол қарап.
Балауыз бір шырақтай
Тамшыладым, Мұхаммед.
Таусылатын сияқты-ай
Бар шыдамым, Мұхаммед.
Бəз біреулер бұл да өлең
Үлгісі дер, Мұхаммед.
Жуған жанымды уменен
Кім түсінер, Мұхаммед.
Назарыңды сала гөр,
Тірегім бол, Мұхаммед.
Сенім болып жана бер
Жүрегімде, Мұхаммед!