12.06.2022
  103


Автор: Мәди Қайыңбаев

ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ

Тарих өзі жоғалтпайды асылын,
Винчи көкке көтерді өз ғасырын.
Білемін деп құрылысын осының,
Инквизация өрлеп тұрған заманда,
Өлік сойып зерттепті жасырын!
Қасіреті ме, бағы ма əлде, білмеймін, –
Ұялатып көкірегіңе түндей мұң;
Қыл қаламмен тұтастыған жасапты,
Өмірдегі көлеңке мен күнгейдің.
Мен де кейде жапа-жалғыз, жаным-мұң,
Суреттерімен сырласамын дарынның
Үңілем де... тірі ме деп қорқамын,
Жанарына «Джоконда» арудың?!
Қарай берем...
Тоят бар ма адамда!
Өңер – мəңгі,
Мəңгі бар ма одан да!
Болашаққа аттанғандар сап түзеп,
«Мадонна Литта»,
«Гүл ұстаған мадонна».
...Леонардо!
Ұмытпайды оны елі,
Қорықпай еш ізденген де сол еді, –
Өліктердің «жанын» алып жасырын,
Мəңгі тірі қалу үшін өнері!





Пікір жазу