БАТЫР
Қанішерлік – таныс ерлік талайдан!
Отан қорғау өз алдына алайда.
Туған жерге қатер төнсе
Ұланның
Жас жүрегі нəзіктікке қарай ма!
Ұлы Отанын кеудесімен қорғайды ол,
Зұлымдардың қанын ішіп қорлайды.
Ал, зұлымда нəзіктік пен сұлулық
Ешқашанда болмайды!
Жүрегіне телінген ақ арды ұғып,
Жүреді ұлан жаудың əнін зарлы ғып.
Зұлымдыққа қарсы тұрған зұлымның
Сондықтан да батыр дейміз барлығын.
Батыр! Батыр!
Қызығамын жігер толы сөзіне,
Қызығамын оның отты көзіне!
Біраз ерлер тұрады қалада
Таныс менің өзіме.
Батырларға арқа сүйеп тұр елім,
Туған елдің əрбірі əр тіреуі!
Кеше ғана жолықтырдым,
Тобылғы
Сыра сатып жатқан жерден біреуін.
– Отан үшін қаншама қан, тер төктік,
Жеңді жауды бізге біткен өрт екпін! –
Деп шертті ол,
Кеудесінде жұлдызы
Жарқ-жұрқ етіп,
Өткен күнін ертек қып!
Ол кезеңдер мəңгі есте!..
Кетсін!
Кетсін!
Кетсін қайтып келмеске!
Ал, мына Ерлер жасай берсін,
Елі үшін
Етігімен қан кешкен!
...Қас дұшпанның қанын шашып қорлаған,
Еліне – Ер,
Ал, жауына – оңбаған,
Тұрды Батыр тартып тобыл сырадан,
Ерліктерін жұрт жапырлап қолдаған!
Таныс Ер боп көрінеді ол маған!