12.06.2022
  79


Автор: Мәди Қайыңбаев

ӨРТЕЛГЕН ЖЕР ТАКТИКАСЫ

17 февральда, күтті кім,
Қан соғысқа қанқұмарлар шықты үйір!
600 мың солдаттары Қытайдың
Вьетнамға басып кірді тұтқиыл.
Қырғын болды атамекен жер үшін,
Бейбіт күннің тарылтты жау өрісін.
Көтерілді халық Отан қорғауға,
Қорғауға август революциясы жеңісін!
Кең қойнауы таулар менен орманның
Қасірет пен өкінішке толған-ды.
Агрессор қытайлықтар Вьетнамға
«Өртелген жер» тактикасын қолданды.
Өртеу!
Құрту!
Өктем үнде бар айбар,
Жұмағыңа сапар шекті талайлар!
Өртке оранды қалалар мен далалар,
Кеңістіктер,
Егістіктер,
Тоғайлар!
Вьетнамды тағы сорға тап қылды,
Кең далаға қызыл жалын жаптырды!
Жалынға осы
Жендеттері Қытайдың
Сəбилерді шырқыратып лақтырды!
«Өртелген жер» қанатын кең жайған-ды,
Тіршілік күн қабағына қайғы алды!
Лаокай мен Монгкайлар лапылдап,
Лангшондар күл-қоқысқа айналды!
Құрту, жою – адамзатты жылатқан,
Қасиеті тұрса-дағы бұл отта,
Əділдік пен патриоттық ерліктер
Өртелмеді бірақта!
Көнбеген еш өртеуге де, атуға,
Қайта өздері жалын болып лапылдар,
Жауыздығын тыю үшін жауының,
Шықты жайсаң батырлар!
Жауыздарға тек жауыздық жарасқан,
Агрессияшыл Қытай сорлы адасқан!
«Мысықтардың патшалығы» Лаоша,
Ван Миніңше «опасыздар о бастан»!
...Жалақтады от жауыздық бір сұлбамен,
Опат болды Отан үшін туған ер!
Лапылдады!
Лапылдады сəбилер,
Лапылдаған оттың бүкіл құрбаны ел!
О, Прометей!
Отты не үшін ұрлап ең!





Пікір жазу