12.06.2022
130
АСТАНАМ
Қараөткел керуен жолын басып өткен,
Кейiннен Ақмола боп аты жеткен.
Аққайрақ тастан салған бiр ескерткiш,
Қазақтың бiр батыры қапы кеткен.
Самғап ән, астанамен таныстырған,
Елiммен, жерiммен де қауыштырған.
Бабалар сiлемiнен сыр ақтарып,
Домбыра iшегiндей табыстырған.
Киiз үй төбесiндей салты ұнаған,
Тас қорған – Ақмола боп аты ұнаған.
Бес ғасыр Есiл бойын көрiктi етiп,
Күмбезi көзге алыстан жарқыраған.
Ақ күмбез жақын қылып сүйем жердi,
Талай көш түйелерге тиелген-дi.
Мәңгiлiк ескерткiш қып сол мекендi,
Қазағым қантөгiспен иемдендi.
Жарқ етiп жарық жұлдыз тағы да алдан,
Ақмолам Астанам боп бағы жанған.
Астанам жасара бер, жаңара бер,
Балаңның ән нөсерiн қабыл ал да.