12.06.2022
  110


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Қалшылдап, дiр-дiр етемiн...

Қалшылдап, дiр-дiр етемiн,
Тентiреп кейде кетемiн.
Бақыттың дәмiн татпасам,
Ақын болу не теңiм?!
Тентiрек елмiз, өнермiз,
Ақындар – сормыз, өлеңбiз.
Жұлдыздар сонда сөнедi,
Халық қалса өнерсiз.
Ей, аусарлау жұртым ақылды,
Көпсiнбеңдершi ақынды.
Аспан да құсын ешқашан
Көпсiнген емес ақырғы.
Көпсiнбеңдершi ақынды...





Пікір жазу