12.06.2022
131
Аштылығынан, жастылығынан жараның...
Аштылығынан, жастылығынан жараның,
Алақанымда тас үгiтiлдi, қарадым.
Дiрдектеп ұшқан қаламсабымның ұшымен
Жапырақ жанды байқамай жыртып аламын.
Тұтамдай ғана ғұмыр-ау, менi жебегiн,
Сүтке түсетiн әумесер шыбын демегiн.
Бiр қырғи көздiң құрбаны болсам қайтемін,
Бiр қыран көздiң жан жары болсам деп едім.