meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.06.2022
  233


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Аспан-Ана жұлдызды, айды туғызған...

Аспан-Ана жұлдызды, айды туғызған,
Тiрi дүние Жер-Ананың ұл-қызы.
Бар ананы мықты қылып жаратып,
Ана-әйелдi неге осал ғып туғыздың?
Жамылсын деп түндi бердiң, жаратқан,
Өмiр сүр деп күндi бердiң таң атқан.
Демалсын деп ұйықтауды бердiң де,
Жыласын деп жасты бердiң балақтан.
Жер-дүниенi көру үшiн жүрудi,
Қуануды бiлу үшiн күлудi
Бердiң-дағы, үйретпедiң зұлымдық,
Үйрендiм мен зұлымша өмiр сүрудi.





Пікір жазу