12.06.2022
  100


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бақи тiрлiк, бақұлдас, қара қайғым...

Бақи тiрлiк, бақұлдас, қара қайғым,
Бақұлдасар кiмiм бар, сараң аймын.
Шыр етiп дүниеге келген күндi
Мен сонша қаламаймын.
Жапырағын жанымның жауып денем,
Мен сонау Ләйлi жаққа ауып келем.
Ең алғаш ғашық болған күндерiмнен
Соншалық қауiптенем.
Самайымды шық шалса, кек көремiн,
Бәрiбiр бой бермеймiн деп келемiн.
Тұңғыш рет мен өлең жазған күндi
Керемет жек көремiн.
Үкiлi үмiт, кейде сен үрейлiсiң,
Үзiлiп кетудi әлде тiлеймiсiң?..
Мен сенсiз сусыз қалған балықтаймын,
Сен оны бiлемiсiң?!





Пікір жазу