12.06.2022
  120


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Шiркiн, нәзiк көңiлдер-ай...

Шiркiн, нәзiк көңiлдер-ай,
Арсыз сөзге былғанған.
Құрақ-құрақ өмiрлер-ай,
Түсiнгенге бұл да арман.
Алыстасың, жырақтасың,
Ұлитындай кейде iшiм.
О бастан-ақ ұнатқасын,
«Кешiр бәрiн» дейдi iшiм.
Қайран менiң ерке күнiм,
Қайда барып тынар ең?
Мүмкiн сенiң жан серiгiң –
Соры қалың жыр-әлем.
Шiркiн, ұлы сезiмдер-ай,
Құр некеге байланған.
Сұлу сөздер көш iлгерi,
Отырасың ойда арман.
Сол сезімге ой арбалып,
Тербелiп ед түн мынау.
Ашу тiлден көңiл налып,
Ендi отырған түр мынау





Пікір жазу