12.06.2022
  138


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бiр тыныштық керек боп тұр жаныма...

Бiр тыныштық керек боп тұр жаныма,
Ақын тiрлiк, сен өмiрге налыма.
Сәрiдегi бозторғайдың үнiнен
Поэзия сiңiп кеткен қаныма.
Ей, қара өлең, қабырғамда қақырап,
Мазамды алма ала көздеп, шатынап.
Қу қарынның құлы болып жүргенде,
Ызыңдама шыбын құрлы ақымақ!
Бұл адамдар келгеннен соң өмiрге,
Жасанды дақ салмаса екен көңiлге.
Жан дүниеңдi жараласа ащы сөз,
Жерi, мейлi, жерiнбе.
Поэзия – тiрлiгiмнiң тiрегi,
Өлең-тағдыр сенен барып түледi.
Ақын сүйген махаббаттың пәктiгi –
Қара өлеңнiң жүрегi.





Пікір жазу