12.06.2022
  119


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бiлмеппiн-ау болатынын арты мұң...

Бiлмеппiн-ау болатынын арты мұң,
Шын сүйдiм де, бал тiлiңе балқыдым.
Ендi, мiне, мәңгi өлмейтiн сезiмдi
Өлтiрдiм мен,
Ей, жүрегiм, ал тыным!
Ақындар ғой жазығы жоқ пендеге,
Орға әуес, сорға да әуес, шөлге де.
Сол баяғы жалғыздықтан жабырқап,
Төсегiмнен жүдеп тұрам мен неге?
Сен жалғызсың, мен жалғызбын, кел дедiм,
Сен сенбедiң, мен сенбедiм, шөлдедiм.
Шыққыр көзiм барлығына куә боп,
Көкiрегiмде махабатты жерледiм.
О, ғашық күн, саған барар жол қайда,
Сағыз үмiт соза берсең солмай ма?
Бұл дүниеге қашан сыйған шын ғашық,
Мен сүйген жан жазылмаған маңдайға.





Пікір жазу