12.06.2022
  91


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Сен екеумiз –

Сен екеумiз –
Махаббатпен табыспаған жандармыз,
Жүректегi ұлы күштен алыстаған жандармыз.
Махаббатты құр некеге байлап қойып байқаусыз,
Бiрiмiзден-бiрiмiз алыстаған жандармыз.
Мен ойлаймын,
Сүю менен сүймеуден жаратылған тiршiлiк,
Сүйе алмаған пенделерден ушығып,
Ұлы сезiм тiршiлiкке тұншығып,
Тас мүсiннен аумайды екен тұр сынып.
Толғанамын
Күйгелектеу бақ күнiмдi ойға сап,
Отырамын шер ғаламнан ай жасап.
Жарақаттарға жасыл жапырақ жапсырып,
Қосылғанымыз қателiк пе әлде той жасап?





Пікір жазу