12.06.2022
  128


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

О, тағдырым, жанымнан соқпа менi...

О, тағдырым, жанымнан соқпа менi,
Орта жолда өкпектен қақпа менi.
Дұшпанымнан өзiм де сақтанамын,
Сақтар болсаң, досымнан сақта менi.
Атандырма менi елге сайқал келiн,
Жаныма жақындатпа сайтан демiн.
Жастығым бұралаңда қалды адасып,
Ей, адам, жастығымды қайтар менiң!





Пікір жазу