12.06.2022
124
Мен бақытты сәтiмде отырып ап ой емем...
Мен бақытты сәтiмде отырып ап ой емем,
Тауға, тасқа қарамай ағылады ой-өзен.
Алакөлдiң толқыны лақтырғанда жағаға,
Тамып кеткен жасымды саған бердiм, ей, өлең.
Асқақ шабыт ар болып мына менi тергей ме,
Есiк болып елестеп, көрiнедi төр кейде.
Ақыл менен сабырдың жолын бөгеп ашу боп,
Ұлы өнердiң шайтаны түрткiлейдi кей-кейде.
Көңiлiмнiң жайлауы көл болғанда көктi ұрам,
Кейбiреулер сөздерiн көкiрегiме кек қылам.
Күндестiктiң құрығы құрылғанда жолыма
Балалықтың бұрымын қиған жерге кеп тұрам.