meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.06.2022
  143


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Жалғыздықтан жапырақ боп тербелдiм...

Жалғыздықтан жапырақ боп тербелдiм,
Өлеңiмнен өшiмдi алдым, емделдiм.
Балаларға пана iздеп жүргенде
Ойда жоқта ошағыма сен келдiң.
Қайшылықтан қарсылықты жеңгенмiн.
Ыстыққа да, суыққа да көнгенмiн.
Алакөлдiң толқынынан тоңғанда
Мен өзiңнен шуақ iздеп келгенмiн.





Пікір жазу