12.06.2022
108
Екеумiз де күтпеп ек тосын жайды....
Екеумiз де күтпеп ек тосын жайды,
Ерегестiк. Өкiндiк. Сосын қайғы...
Өмiр деген тұрады өкiнiштен,
Шын сүйгендер, бiлесiң, қосылмайды.
Қалдырмап ек ешқашан көңiлдi iзгi,
Тағдыр бiздi, әйтеуiр, жеңiлгiздi.
Жетi деген киелi санға келiп,
Екi жаққа шақырды өмiр бiздi.
Сағынышқа түнiмдi бесiк етiп,
Өлеңiмдi өзекке несiп етiп,
Тұлпарымның тiзгiнiн қоя бердiм,
Өмiр деген өзендi кешiп өтiп.