12.06.2022
107
Сен менен өлеңді несіне сұрайсың?
Сен менен өлеңді несіне сұрайсың?
Бірақ сен онсыз да өмірге шыдайсың.
Қаныңда бір мысқал күйініш қалмаса,
Сіңбеген өлеңге қалайша құлайсың?
Біз жаққан өтімсіз өмірдің әуресі,
Мәнді де, сәнді де күндердің ауды есі.
Көк аспан астында біздерді құптаған,
Сыр тартқан сыбыршыл түнгі оттың сәулесі.
Біздегі әсем бір сезімге шоқынып,
Самал жел тізілді толқынға тоқылып.
Біз білмес жұмбақ бір сағана ішінен
Әлдекім күрсінді, селк етіп, есімдер оқыдық.
Ойланбай айрылу, тұңғиық жоқ қылар,
Жақсысы сол жолы күрт кету-ақ шығар.
Біздей боп баз кешіп, кездейсоқ айрылу,
Білмеймін, әлемде болған да жоқ шығар.