12.06.2022
145
Күшiк көңiлiм күйгелек...
Күшiк көңiлiм күйгелек,
Кетемiн кейде кимелеп.
Самалдан құрап әуендi,
Отырмын қоңыр күй бөлеп.
Жамайын деп ем жеңiмдi,
Қолтығым қайта сөгiлдi.
Тiзiп ем бақыт моншағын,
Үзiлiп жiбi төгiлдi.
Көңiлдiң көрсем тарлығын,
Мазалай берер ар жүгi.
Ақыннан басқа жандардың
Бақытты шығар барлығы.