12.06.2022
151
Жанымды шағып ерсiлеу сөздiң өсегi...
Жанымды шағып ерсiлеу сөздiң өсегi,
Ұйықтамай шықтым, салқындау тартып төсегiм.
Қан ұйып қапты қызыл тiлiмнiң ұшында
Айтылмай қалған бiр ауыз сөзден кешегi.
Тәкаппар тауды алыстан көрiп, мақтанып,
Жақыннан көрiп, сұлбасын оның таптадың.
Көз жасымменен шер тарқатқаным болмаса,
Демеу де емес, медеу де емес тапқаным.
Ойсыздау сөзiң өзек өргiзiп қатеден,
Намысты түртiп аспани мiнез от өлең.
Шешенi сыйлап үйренген елден едiк қой,
Құрметтеудi де бiлетiн едiк әкеден.
Әйели мiнез-айлаңмен жанды торлайсың,
Алдымнан күлiп, артымнан тұрып арбайсың.
Жақының болып жаныңда жүрген жау жаман,
Сақтана да алмай, ақтала да алмай сорлайсың.