12.06.2022
  135


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бағым деп ем, барым деп ем, сенбедiң...

Бағым деп ем, барым деп ем, сенбедiң,
Мен де әйтеуiр өзiмдi-өзiм жеңбедiм.
Көктемеде үсiк соққан ағаштың
Көрдiңдер ме күзде жемiс бергенiн?
Бар қиындық бақ екен ғой, көнсе адам,
Содан болар, жолсыз жерден жол табам.
Орта жолдан көшiм ауып қалмаса,
Жолықпаған болар едiм мен саған.
Алакөлдiң татып алып тұз-демiн,
Соқпақтардан бақытымды iздедiм.
Туыстырған бақытым мен мұңымды
Өмiрiмнiң көп екен ғой күз-желi.





Пікір жазу