12.06.2022
  101


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Қызықсың-ау сен де кейде, ей, көңiл...

Қызықсың-ау сен де кейде, ей, көңiл,
Арманымды ай мұздатып бейне бiр.
Қара жердiң кiндiгiндей боп тұрып,
Айға асылып құмар қуам кейде бiр.
Мендiк көңiл мекен таппай безiп ем,
Түпсiз аспан құпиясын кезiп ем.
Жетiм қалар жастан өтiп кетсем де,
Жұртта қалған тастандыдай сезiнем.
Аспан тектi ақын сөзi естегi
Жұтынып кеп, жұлынымнан көшпедi.
Ақындық, ол – тәңiр сыйы, сыбаға,
Қателессем, киелi сөз, кеш менi..





Пікір жазу