12.06.2022
  217


Автор: Қайырды Назырбаев

ТУҒАН ЖЕРДІ САҒЫНУ

Ой, шіркін-ай, ойға түссін енді не,
Мұхамадий жаз шыққанын көрді ме?
Жылда келіп балапанын шығарар,
Қаражерге сарыала қаз келді ме?
Көңілдегі қайғы-мұңды ұғар кім?
Көкірегім қарс айырылып жылармын.
Туған жерге, тым алыстап кеттім ғой,
Бәлкім енді қайта алмайтын шығармын





Пікір жазу