11.06.2022
  134


Автор: Қайырды Назырбаев

ҰРПАҒЫМ ЖАЛҒАСТЫ

Бәріміз жазылыппыз,
Атына атамыздың.
Кейіннен байқадық қой,
Барлығын қатеміздің.
Демес пе ертең біреу:
«Бұл қайсы алжасқаны?»
Керек қой бәрімізге,
Ұрпақтың жалғасқаны.
Ұмыту дұрыс емес,
Есімін әкелердің.
Болмаса әкең, шешең,
Өмірге әкелер кім?!
Ұлыңнан ұл тумаса,
Есімің естен шығар.
Жалғаспай ұрпақтары,
Талайлар өткен шығар.
Көзімнің тірісінде,
Көрмейтін мен немене?!
Құдайым бере салды,
Маған да бір немере.
Атына таласқам жоқ,
Ұғарсың жайымды бек.
Жаздырдым тегін түптеп,
Ахмеджан Қайырды деп.
Арман не бұл жалғанда,
Қалса артта ізім кейін.
Тілеймін бір Алладан,
Ұрпағым үзілмеуін.





Пікір жазу