11.06.2022
92
КҮЗ
Думанды жазым жылыстап,
Күз кепті суық желімен.
Шақырды жазғы күміс бақ,
Сағындым тағы сені мен.
Жүрегім тынбай сені іздеп,
Сол жерге тағы келіп ем.
Ізіңді жапқан жел үрлеп,
Көрейін өзге нені мен.
Қураған гүлдер төменде,
Көңілге салды наланы.
Қиқулап ұшып төбемде,
Тырналар кетіп барады.