11.06.2022
130
МҰҢ
Тағдырдың суық желі ме,
Жайдары жазда тоңдық қой.
Екпіндеп шығар төріне,
Достан да жұрдай болдық қой.
Қайтейін көктем тез өтті,
Тайғаны бақтың сол ма екен.
Мен сүйген ару – аққу қаз,
Қай көлге барып қонды екен.
Барады асып жиектен,
Зымырап, зулап ұшқан ай,
Пыр етіп ұшқан жүректен,
Секемшіл, сері құстар-ай.
Күзбенен бірге түсті ұшып,
Ағаштан сарғыш көбелек.
Келеді енді қыс түсіп,
Айтып та айтпай не керек.