10.06.2022
  100


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

БЕС БАЛҚАН

(Әні бар)
Теке атқан мергендердің ыстық жері,
Мылтық оқтап тиерін білер сері.
Сол жерден теке атам деп, ата алмаса,
Құр шығын болып қайтад аттың тері.
Аңшылық ер жігітке не дегізбес.
Биік шың жеткізе ме таудың өрі?
Ер жігіт ел ұстаған адал болса,
Қазақтың таусыла ма кемеңгері?!
«Сұлудан сүйген сұлу» деген сөз бар,
Әркімнің басында бар соның кері.
Көк тасы Самарқанның жібігенде,
Ұшады Қап тауынан дию-пері.
Қартайғанша қажымай «Бес балқандай»
Ән шығарып отырған Шашаң сері.
Өнерлі қып жаратты форымымды-ай,
Алушы ем жақсы жерден орынымды-ай,
Қайда сұлу қыз десе, атқа міндім,
Баяғы батырлардың жорығындай.
Күн бата қыздың ауылын айналушы ем,
Қорадан қой ұрлайтын торуылдай.
Үстінде мамық төсек жатсаң ұйықтап,
Аякөз, Бақанастың жорығында-ай.
Қарағым, қайда барып ұмытамын,
Осындай естен кетпес қылығыңды-ай!





Пікір жазу