10.06.2022
  118


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ЫРҒЫМА-СЫРҒЫМА

(Әні бар)
Күн қонар кешкіқұрым таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып.
Кеш болса, рахаттанып қосылады
Күн бойы құмар болған екі ғашық.
Ғашық жар таң алдында аттандырып,
Тұрады қош айтысып бетін басып.
Аққу алған тұйғындай құмар тарқап,
Қайтады сонда жігіт мауқын басып.
Алтын ақша қазынасы қалғандай боп,
Артына қарай берер жалтақтасып.





Пікір жазу