10.06.2022
  165


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

АҚ ҚАЙЫҢ

(Екінші түрі. Әні бар)
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да баста жарлы басылмаймын.
Көрсем де кедейліктің тақсыретін,
Жалынып малы барға бас ұрмаймын.
Аққайың, жалған-ай,
Кештім сайран-ай
Халықтың ортасында
Жүрдім жайнап-ей!
Байлығым – сүйенерім денсаулығым,
Өлеңім бой сергітер асаулығым.
Он саусақ шекпен ойнап жорғаласа,
Дұшпанның елемеймін еш жаулығын!





Пікір жазу