10.06.2022
189
АҚ ҚАЙЫҢ
(Бірінші түрі. Әні бар)
Жақсының айтқан сөзі жерде қалмас,
Жаманның маңайына адам бармас.
Сұлу қызбен сөйлесіп, болсаң сырлас,
Көкіректе тырнақтай арман қалмас.
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың,
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын.
Өлеңнің бір-екі ауыз арқасында,
Дабылдап атағымды елге жайдым.
Бозбала, ойна да күл жас шағыңда,
Қолыңа қайтып қонбас бұл жиырма жас.
Ойлай бер, сөзге шешен, тіл таңдайым,
Серілікпен сөйлеймін қыздың жайын.
Қыз дегенде, қуғандай қызыл түлкі,
Неше алуан құбылып жорғалайын.
Сағынып барғанымда ауылыңа,
Алдымнан шыға келсе ақ маңдайым.