10.06.2022
139
КЕРБЕЗ КЕР
(Әні бар)
Пәуеске мінер байлар күймелеген,
Үстіме кидім мақпал түймелеген.
Он екі взвод гармоньмен ән салғанда,
Қасыма қыз-келіншек үймелеген.
Сұлу қыздың шешесі біліп қойса,
«Жүзі қара, үйге жүр»,- деп, сүйрелеген.
Ағасы жолдас болған серілеу ед:
«Қоя бер, ренжітпе, тиме, - деген.
Алғанда ләззат тілден арман тарқап,
Есімнен шығушы еді дүние деген.