10.06.2022
  130


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

МАЙДА ҚОҢЫР

Құс атып, аң аулаймын Саршығаннан,
Ақ тұйғын жігіт едім қаршыға алған.
Күніне отыз үйрек, қырық қаз алсам,
Емес ем төсін шоқып қан шығарған.
Қияға ұя салған қыран едім,
Аққудың төсіне ұйықтап талшық алған!
Аңдығаным жерімнен қаз бен үйрек,
Сығалаймын мылтықты шанша түйреп.
Қасымда ақ тазым бар алып келед,
Атқан құсты аузынан тістеп, сүйреп.
Қайырмасы:
Аман ба екен ғашық жар,
Көптен бері көре алмай,
Ақ жүзіңе болдым зар,
Қаз бен үйрек апарсам,
Кең отырып, шешеңнің
Түс жылытар түрі бар.





Пікір жазу