10.06.2022
  115


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

БАЛЫҚШЫЛАРҒА

1
Сүңгіген сұлу балық тереңде ойнап,
Кетпесін ырық бермей, құрық бойлап.
Сүзіп ап су серісін, бір сыбаға ет,
Еліме жатқан жеңіс тойын ойлап.



2
Тау толқынды айдынды,
Еркін ендеп ен жайлап,
Күміс қабық балықты
Тереңнен сүзіп қойша айдап.
Қазақстан тойына
Апарыңдар шашуға
Нұр жүздерің гүл жайнап.





Пікір жазу