10.06.2022
  99


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ЖАМАЛҒА

(Әні бар)
Ақ маңдай, керілген қас, сұлу Жамал,
Жел тұрса, құбыладан соғар самал.
Атыңды естіп, өзіңді көре алмадым,
Ғашықтыққа, айтшы өзің, болар ма амал?
Дарияның ортасында шынар ағаш,
Көзіңнен айналайын қиылған қас.
Жамал деген сұлу қыз қай жерде екен,
Атыңды естіп, сыртыңнан болдым ғой мас.
Қайырмасы:
Бұл сөзіме шығарған
Риза бол, Жамал-ай!
Жастық дәурен басыңда,
Көргенің қызық заман-ай!
Көрмей сырттан құмармын,
Бұған, сірә, не амал-ай?!





Пікір жазу