10.06.2022
147
ӘТПЕККЕ
Ақын үшін бергенің қотыр серкеш,
Түйедей-ақ көресің ұзын өркеш.
Берсең бер, басында айтқан екі қойды,
Бұдан кеміп дәулетің ештеңе етпес.
Көзің көрді, сараң бай, менде жоқты,
Берем деп ең әуелде екі тоқты.
Кебінін Ормақай би жұтқанындай,
Өтірікке айтқаның келіп соқты.
Мен саған жалданғам жоқ тоқтығымнан,
Қаңғырып қойың бақтым жоқтығымнан.
Табан ет, маңдай терім сұрағанда,
Қарғисың, ұстағандай шоқтығыңнан.
Мен секілді жетімнің сыны бар ма,
Ақысын сұрағанның міні бар ма,
Әтпек бай, қылжақтамай ақымды бер,
Шашубайда әкеңнің құны бар ма?