10.06.2022
  455


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

МЕНІҢ СЫРЫМ

Өтпес жарлық - кісіге бойға қорлық,
Байдан қорлық көп көрдім істеп өрлік.
Әкем кедей болды да егін салып,
Масақ теріп, күн көрдік, жарлы болып.
Ми толық, ақыл зерек ойлағанға,
Берерім жоқ қанағатсыз тоймағанға.
Ортамнан оза шығып өнер қудым,
Көңілді жоқшылыққа қоймағанға.
Байлардың бір кәсібі – ұрлық, сауда,
Жайылып, малы жүред биік тауда.
Байлардың тауда жүрген малын алып,
Кірістім өз-өзімнен үлкен дауға.





Пікір жазу